ornament3

viskazivaniya

  • " Жилье - это больше, чем просто стены и кров над головой. Это территория жизни человека."
    Н.Назарбаев
  • 1

ornament3

gerb

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ

Туралы ереже

«Қостанай облысы әкімдігінің
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
Облыс әкімі А. Мұхамбетов


 

 

Әкімдіктің
2017 жылғы «__» __________
№ ______ қаулысымен
бекітілген


«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
3. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қостанай облысының аумағында сәулет-құрылыс бақылауы саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.
15. Міндеттері:
1) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;
6) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
7) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
11) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
12) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар беру;
13) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізу және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу;
14) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17) Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамамен белгіленген тәртіппен соттарда құқықтар мен мүдделерді қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз бару және оларда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын жедел инспекциялауды жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) бірінші қол қою құқығы бар;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарына сай олардың мақсатты пайдаланылуы жөніндегі ашық лимиттерге сәйкес бюджеттік қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік рәміздер

Президенттің Жолдаулары

Басшының блогы

akorda rus adilet2 egov 16expo 18zeleconom goszakup spktobol ortcom elkz kaztube ipo bnews ipo ipo rimbaeva Ашимов hasangaliev