ornament3

viskazivaniya

  • " Жилье - это больше, чем просто стены и кров над головой. Это территория жизни человека."
    Н.Назарбаев
  • 1

ornament3

gerb

«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазіргі уақытта, ақпараттық технологиялар арқасында мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі электрондық нысанда көрсетіледі. «Электрондық» мемлекеттік қызметтерді алу www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық үкімет- ол мемлекет және азаматтардың қарым-қатынасының, сонымен қатар мемлекеттік органдардың бір-бірімен біріңғай механизмі. Дәл осы механизм мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартты, куәліктерді, рұқсат құжаттарды және т.б. алуды жеңілдетті және жеделдеті.
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру»;
2) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру»;
3) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»;
4) «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;
5) «Жобалау қызметіне лицензия беру»;
6) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;
7) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» .
Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметті («Лицензиялар беру» және Сарапшыдарды аттестаттау») «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуыңызға болады.
Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу үшін Сізге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелу қажет.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алған кезде мемлекеттік огранға бару қажеттілігі жоқ және кезекте тұрмайсыз.
Сіз қызметті, Сізге қолайлы уақытта веб-портал арқылы тапсырыс беруіңізге болады.
Электрондық өтінішіті алу алдыңда Сіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет тәртібімен танысу мүмкіндігініз бар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мәртебесі туралы ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталының Сіздің «жеке кабинетіңізде» көрсетілетін болады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы мәліметтер электрондық құжат нысанында веб-портал «жеке кабинетіңізге», уәкілетті органның көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қол таңба қойылған жолданатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Басқарманың ресми интернет-ресурсында http://ugask.kostanay.gov.kz/ «Мемқызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік рәміздер

Президенттің Жолдаулары

Басшының блогы

akorda rus adilet2 egov 16expo 18zeleconom goszakup spktobol ortcom elkz kaztube ipo bnews ipo ipo rimbaeva Ашимов hasangaliev